Басты бет Қоғам Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев видеоүндеу жасайды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев видеоүндеу жасайды

Мемлекет басшысы гендірлік теңдік саласындағы күш-жігтерді үйлестіруге арналған "Ұрпақ теңдігі" атты жаһандық форум қатысушыларына видеоүндеу жасайды.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, шамамен сағат 19.15-те Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды, — деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Президенттің баспасөз хатшысы виртуал форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналғанын айтты.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

Exit mobile version