Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шымкентте бір айлық сәби коронавирус жұқтырды

Иллюстрация: Dribbble.com/©Alexey Boldin

Әкім орынбасарының айтуынша, Шымкентте коронавирустың «дельта» штамы табылды.

Шымкент те «қызыл» аймаққа енді. COVID-19 жұқтырған 143 адам тіркелді. Жаңа штамның түрі жаман, тез тарайды, жұққан адамның ауруы тез асқынып кетеді. Ата-анаңыз бен балаларыңызды сақтап жүріңіз. Балалар арасынан да көп шығып жатыр. Бүгін туғанына бір ай толмаған сәбиден табылды, — деді ол.

Шыңғыс Мұқан азаматтарды санитария талабын сақтап жүруге үндеді.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті.

Exit mobile version