Басты бет Жаңалықтар Дариға Назарбаева Атыраудағы «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысты

Дариға Назарбаева Атыраудағы «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысты

Атырау облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева келді.

Фото: Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

Ол сапар барысында өңірдің бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.

"Қамқорлық" орталығы
Фото: Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

2020 жылдың 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Қамқорлық» қорының бастамасымен Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында балаларды оңалту орталығы ресми түрде ашылды. Орталық өз жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқарып жатыр. Орталықта балаларды оңалтуға арналған 50 төсек орын бөлінген. Оның 25-і тәуліктік және 25 төсек күндізгі стационарға қарастырылған.
Мұнда невролог дәрігер, 2 реабилитолог, үйлестіруші, физиотерапевт, эрготерапевт, 6 емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары, 2 психолог, 2 логопед, 2 дефектолог, 4 медбике жұмыс істейді.

2021 жылдың басынан бері орталықта 315 бала оңалтудан өткен. Оның ішінде, 160 бала тәуіліктік, 155 бала күндізгі стационарда, — деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Айта кетейік, жұмыс сапары барысында Дариға Назарбаева облыстық кардиоорталықтың да жұмысымен танысты.

Exit mobile version