Басты бет Қоғам Жамбыл облысында жас жігіт 5 адамға оқ атты

Жамбыл облысында жас жігіт 5 адамға оқ атты

Жамбыл облысында атыс кезінде бес адам жараланды. Оқиға 15 маусымда болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Көрнекі сурет

Полицияға Сарысу аудандық орталық ауруханасынан 20, 22, және 24 жастағы бес тұрғынның бытыралы оқтан жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Анықталғандай, жанжал кезінде ер адам жәбірленушілерге оқ атқан. Полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол өз кінәсін толық мойындады және қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Exit mobile version