Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен босатылды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келгендерге сапасыз тұрғын үй салынғаны айтылған. Тексеру нәтижесінде мақалада келтірілген деректер расталды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшілікті жоюмен айналысып жатыр. Мұндай олқылықты жібергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды, — деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасына.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы және бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Exit mobile version