
Құдықтан су тартуға арналған шелек. Теріден жасалған, XX ғасыр басына жатады. Биіктігі — 37 см, жоғарыдағы ені — 28 см, төмендегі ені — 17 см, ілгек ұзындығы — 11 см.
- Фото: Дудин Самуил
- Фото: Дудин Самуил
- Фото: Дудин Самуил
Бұл фотода — дәрет алуға арналған құмандар тұр. Үшінші фотодағы екі мыс құманды Бұхара мен Ауғанстан шеберлері жасаған.
- Фото: Дудин Самуил
- Фото: Дудин Самуил
Бірінші фотода ірімшікке арналған өрілген себет пен былғары теріден жасалған торсық. Екінші фотода да торсық.
Торсық — қымыз, айран және басқа да сусын тасуға арналған тері ыдыс. Торсықты ер-тоқымның жанына немесе арбаның көлеңке жақ қапталына байлайды. Ат пен арба қозғалғанда, торсық ішіндегі сусын шайқалып, дәмі кіре түседі.
- Жинаушы: Биркимбаев Лаикжан Дербисалиевич, Имамбаев Хасан Иш-Мухамедович
- Жинаушы: Иванов Владимир Алексеевич
Бірінші фотода XIX ғасырдың ортасына жататын, екіншісінде XX ғасыр басына жататын торсық. Біріншісінің биіктігі — 50 см, екіншісінікі — 37 см.
1929 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында түсірілген фото. Әйел тері торсықтағы қымызды шайқап жатыр.
- Фото: Дудин Самуил
- Фото: Дудин Самуил
- Фото: Дудин Самуил
Қымызға арналған ыдыстар. Бұл фотоның бәрін 1899 жылы Самуил Дудин түсірген.
Үстел. Көлемі — 11,5 х 17,5 см.
Тегене — үлкен дөңгелек, шұңғыл ыдыс. Ол мыстан немесе шойыннан құйылған қазанға ұқсайды.
Келі мен келсап — тары, бидай сияқты дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған құрал. Келіні жуан бөрене ағаштың ортасын ойып жасайды. Ағаш келінің екі түрі болады: тақта келі, шұңғыл келі. Шұңғыл келі тарыны қаралау, ақтауға пайдаланылса, тақта келі жармалап, ұнтақтауға қолданылады. Тақта келінің түбі тегістеу келеді де, келсап дәл тиіп, дәнді майдалауға, ұнтақтауға қолайлы болады.
Келінің түйгіш ағашын «келсап» дейді. Келсаптың келіні түйгіштейтін басы салмақты етіп жасалып, қолға ұстайтын жерінен қолайлы қос тұтқа шығарылады.
Далада тамақ қамдап отырған әйел. Фото 1950 жылдары түсірілген.
- Жинаушы: Кортусов
- Жинаушы: Островских Петр
- Жинаушы: Дудин Самуил
- Жинаушы: де-Лазари Константин
Қымыз құюға арналған ожаулар. Қазақтың көшпелі өмір салты үшін ағаштан жасалған ыдыс-аяқты алып жүру өте ыңғайлы болды. Соның бірі — ожау. Ол дара және қос болып жасалады. Ожау тегене (немесе шара) сияқты шұңғыл ыдыстармен бірге қолданылды.
XX ғасырдың ортасында жататын ожау. Ағаштан жасалған, диаметрі — 29,8 см.
- Жинаушы: Биркимбаев Лаикжан, Имамбаев Хасан
- Жинаушы: Биркимбаев Лаикжан, Имамбаев Хасан
- Жинаушы: Николай II
Бұл пышақтар XIX ғасырға жатады. Пышақ қазақтың тұрмыс салты мен әскери саласында маңызды роль атқарды және аң аулауға таптырмас құрал болды. Тұрмыста өз арасындағы шеберлер жасаған пышақ та, сырттан әкелінген (Қоқан хандығы қалаларынан, Хиуа, Самарқан және тағы басқа) пышақ та қолданылды.
Пышақ арнайы былғары қабыққа салынып, белдікке байланған. Ондай пышақты «шаппа» деп те атайды.
- Жинаушы: Нұрсейітов Нұржақып
- Жинаушы: Букинич Дмитрий
Бұл — сүт сауатын шелектер. Үшеуі де XX ғасыр басына жатады. Шүмегі бар шелекті, әдетте бие саууға қолданған. Сондықтан оны «бие шелек» деп те атайды. Сыртқы сипаты шәйнек сияқты жасалады. Мұндай ыдыс асау жылқыны саууға өте ыңғайлы болған, сауылған сүт ыдысқа дыбыссыз құйылған.
- Жинаушы: де-Лазари Константин
- Фото: Дудин Самуил
Бұл — қымыз сияқты сусын ішуге арналған пиалалар (кесе). Көшпелі халық болғандықтан, қазақ ыдысты негізінен былғарыдан, ағаштан, үй жануарлары сүйектерінен жасаған. Мұны қазақ «аяқ», «саптыаяқ» деп атаған.
- Жинаушы: Щенников Клавдий
Пиала тасуға арналған шынықап. XIX ғасырдың басы мен XX ғасыр соңына жатады. Қазақ мәдениетінде пиала, тәрелке, шәйнек тасуға арналған әртүрлі қаптама пайдалану кең таралған. Көшпелі өмірде мұндай қаптамалар әбден керек еді.
Пиала тасуға, сақтауға арналған шынықап шиден, жіңішке шыбықтардан, былғары мен киізден жасалған.
Бұл — қазақ пен қырғызға тиесілі кепкір. XIX ғасырға жатады, тал бұтағынан жасалған. Ұзындығы — 60 см. Кепкір қазаннан ет пен қамыр алу үшін қолданылды.
Қасық. Ағаштан жасалған, ұзындығы — 24 см. Қасықты көбіне қайыңнан жергілікті ұсталар жасаған.
- Фото: Дудин Самуил
- Фото: Дудин Самуил
Ыдыс қоюға арналған ойып өрнек жасалған шкаф. Фото Семей облысы маңында түсірілген.
Қыстаудың іші. Фото 1899 жылы Солтүстік-Шығыс Қазақстанда түсірілген.
- Жинаушы: Мелков Александр
- Жинаушы: Мелков Александр
Киіз үйдің ыдыс-аяқ қойылған бұрышы.
Тағы оқыңыз: