Басты бет Спорт Қазақстандық теннисшілер тұңғыш рет «Ролан Гаррос» жұптық сайысының финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер тұңғыш рет «Ролан Гаррос» жұптық сайысының финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев тұңғыш рет "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық жұп жартылай финалда испаниялықтар Пабло Андухар мен Педро Мартинесті жеңді.

Кездесу 1 сағат 45 минутқа созылды.

Айта кетейік, Бублик пен Голубев — «Ролан Гаррос» турнирінде қалған Қазақстанның соңғы спортшылары. Бұған дейін жұптық сайыстың ширек финалында Елена Рыбакина жеңіліп қалды.

Exit mobile version