«Астана Арланс» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақтияр Артаев Қазақстанның мемлекеттік бокс бапкері Болат Абдрахмановтың орнына ауысады.
38 жастағы Бақтияр Артаев 2018 жылдың ақпанынан бері «Астана Арланс» бокс клубының бас менеджері қызметін атқарып келді.
Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Таразда туған. Ол 9 жасынан бастап бокспен айналысқан.
1998 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионы атанды. Олимпиада-2004 соңғы күндерінде жалғыз алтын медаль алып берген спортшы болды. Олимпиаданың үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер кубогінің иегері атанды.