Басты бет Спорт «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Алматылық "Қайрат" футбол клубын 2,5 жыл басқарған Алексей Шпилевский бас бапкер қызметінен кетті. Оның басқа клубқа ауысуына байланысты келісім-шарт мерзімінен бұрын бұзылды. 

Фото: Fckairat.com

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. Біздің клубта 2,5 жыл жұмыс істеген Алексей Шпилевский бас бапкер қызметінен кетті. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін «Қайрат» маманның болашақ клубы «Эрцгебиргтен» өтемақы алады, – делінген хабарламада.

Енді «Қайрат» футбол командасының бас бапкері міндетін осы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған қазақстандық маман Кирилл Кекер атқарады.

Ал жастар командасын Академия жаттықтырушысы Кирилл Морунов басқарады.

Exit mobile version