Басты бет Жаңалықтар Алматыда емхана қызметкерлеріне профилактикалық кеңес берілді

Алматыда емхана қызметкерлеріне профилактикалық кеңес берілді

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері "Алматы-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және ақпараттық – ағартушылық штаб өкілдерімен бірлесіп, 1424 Call-орталығы бойынша өтініштерді көшпелі қарауды ұйымдастырды.

Бұл туралы Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіп түскен анонимді өтінішке сәйкес №28 қалалық емхананың әкімшілігі медициналық қызметкерлерден аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының тексеру барысында бұрын жазып берілген айыппұлды төлеу үшін ақшалай қаражат жинады.

Мониторинг барысында емхана қызметкерлері үшін профилактикалық кеңес және анонимді сауалнама жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа тап болған азаматтар Департаментке немесе «1424» Call-орталығына хабарласа алады.

Exit mobile version