Басты бет Қоғам Түркістан облысындағы тауда 7 адам жоғалып кетті

Түркістан облысындағы тауда 7 адам жоғалып кетті

Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіріп жатыр.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Олардың жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 25 мамырда сағат 18.30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алды. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге  оралуы керек болған, — деді ол.

Талғат Уәлидің хабарлауынша, өткен тәулікте іздестіру топтары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралаған. Екі пилотсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста ұшу жүргізілген.

Тау, Жоғалу,
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, полиция департаментінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 техникасы, ҰҚК Шекара қызметінің 3 ат патрулі, ұлттық парктің 10 қызметкері мен жоғалғандардың туыстары іздестіруге атсалысып жатыр, — деді ведомствоның ресми өкілі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі сонымен бірге ауа райының қолайсыздығына (тұман, ала бұлт, таулы жерлердегі найзағай) байланысты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағын Шымкент қаласынан әуеге көтеру мүмкін емес екенін айтты.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Exit mobile version