Басты бет Жаңалықтар Сабина Алтынбекова Ақтөбеде волейбол клубын ашады

Сабина Алтынбекова Ақтөбеде волейбол клубын ашады

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өзінің туған қаласы Ақтөбеде волейбол клубын ашуды жоспарлап отыр.

Сабина Алтынбекова журналистерге берген сұхбатында:

«Бұл волейбол клубында ер адамдар да әйелдер де спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ әйелдер командалары үшін жоғарғы лига мен премьер лига құрғымыз келеді. Мақсатымыз – волейбол ойнағысы келетін кішкентай қыздардың арманын орындау», — деп түсіндірді.

Айта кетейік, спортшы қыз қазіргі уақытта «Алматы» клубында 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ұлттық лигада өнер көрсетіп жүр. Сабина спортты бірінші орынға қоятындықтан модель болуға шақырғандардың ұсынысынан бас тартыпты.

«Бала күнімнен өмірімді спортмен байланыстыруды армандадым, менің алға қойған мақсаттарым көп», — дейді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version