Басты бет Қоғам БҚО-да 376 жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отыр

БҚО-да 376 жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отыр

Қазақстанның Бас санитар дәрігерінің 30 сәуірдегі №17 қаулысының негізінде балаларды сауықтыру лагерлері (қала сыртындағы) қызметінің алгоритміне сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының жұмыс процесін ұйымдастыруға рұқсат берілді.

Фото: Freepik.es

Жазғы балалардың сауықтыру лагерьлерінің қызмектерлерін жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде жүзеге асырылады.

Ал, әр балада жазғы балалардың сауықтыру лагерьлеріне келген кезде денсаулық жағдайы туралы құжаттармен қоса, 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19-ға зертханалық зертеудің теріс нәтижесі бар құжат болуға тиіс.

Наурыз айынан бастап күні бүгінге дейін эпидемиология жағдайын бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасуына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыруға шектеу қойылды. Бүгінде облыста қала сыртындағы 20 лагерь бар.

Балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі кезінде санитария-эпидемиология талаптары қатаң сақталады. Ішкі істер органдарында есепте тұрған, мектепішілік бақылау және қолайсыз отбасылардағы оқушылар демалысын ұйымдастыру мәселесі ерекше бақылауда болады. Жазғы лагерьлерде оқушылардың шомылуы ерекше бақыланады.

Биылғы оқу жылындағы тағы бір ерекшелік — ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында 2021 жылғы 26 мамырдан бастап 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істемек.

Облыс бойынша барлық аудан мен қалада 53 509 (55,5%) оқушыны қамтитын 376 жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Exit mobile version