«Өмірде жетістікке жетуге болады. Өзімді дәлелдегім келеді. Осындай қиыншылықтарға қарамастан. Әке-шешемнің арманын жүзеге асырғым келеді. Оларға немере сыйлағым келеді», — дейді Азат Серікбайұлы.
Рухы мықты жандар (Видео)
1988 жылы дүниеге келген Азат Бердіқұловқа туғанынан сал ауруы деген диагноз қойылған. 13 жасына дейін ем қабылдап, кейіннен жүріп-тұруына мүмкіншілік туған. Компьютерлік курсты бітірген Азат қазіргі таңда ноутбук, компьютерлерді жөндеп, жеке кәсіпкерлікпен айналысады.