Басты бет Қоғам Түркістан облысында биылдыққа бесінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысында биылдыққа бесінші үшем дүниеге келді

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерзімінен ерте туған үшем перениталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.

Бүгінде медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайы жақсарып келеді. Әзірге үшемнің ауруханадан қашан шығатыны белгісіз, — делінген хабарламада.

Жаңа туған нәрестелерге Әдемі, Ислам, Самира есімдері берілген.

Үшем, Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана — үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, былтыр №1 облыстық перинаталдық орталығында 8 746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3 108 нәресте туған. Оның ішінде 72-сі егіздер болса, екеуі — үшем.

Мұның алдында 4 наурызда Төлеби ауданының тұрғыны Ақерке Сергебаеваның дәл осы перзентханада үшем босанды. Сонымен бірге Сарыағаш ауданының тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз күні үш қыз босанғаны хабарланған еді.

Exit mobile version