Басты бет Қоғам Air Astana «Алматы-Минск» рейсінің тоқтау себебін түсіндірді

Air Astana «Алматы-Минск» рейсінің тоқтау себебін түсіндірді

Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Минскіге қатынайтын рейстің тоқтатылуына байланысты түсініктеме берді. Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, рейс коммерциялық пайданың төмендеуіне байланысты тоқтатылған.

Фото: Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі

Air Astana 2021 жылғы 31 Мамырда ашылуы жоспарланған «Алматы-Минск» бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосуды тоқтатты, рейстерді тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданды және коммерциялық жүктеменің төмендігіне байланысты болды. Жолаушыларға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлама сол күні жіберілді, – деделінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында NEXTA Telegram-каналының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичтің ұсталуына байланысты Еуроодақ мүшелері Беларусь әуе компанияларының Еуропа әуе кеңістігінде ұшуына тыйым салды.

Exit mobile version