Басты бет Медицина Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын айтты

Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында эпидемиология жағдайының үш сценарийін таныстырды. Ведомство басшысының айтуына қарағанда, денсаулық сақтау министрлігі эпидемиология жағдайы болжамын жаңартқан.

Фото: Primeminister.kz

«Пессимистік сценарий кезінде, вакциналау тиімділігі 60%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды.

Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-тен кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді.

Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі 95%-тен кем болмағанда, маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуық адам індетке шалдығады деп болжанып отыр», — деді министр.

Алексей Цой сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Айта кетейік, бүгінде екі миллионнан астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды.

Exit mobile version