Басты бет Медицина Коронавирус пен пневмония жұқтырған тағы 25 қазақстандық қайтыс болды

Коронавирус пен пневмония жұқтырған тағы 25 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда 21 мамырдың қорытындысы бойынша 25 азамат коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

22 мамырдағы мәлімет бойынша 35 211 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 548 КВИ-) емделіп жатыр. 12 822 пациент стационарда, 22 389 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 701 адамның жағдайы ауыр,
  • 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 95 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандар жөніндегі дерек

21 мамырдағы мәлімет бойынша 102 жаңа дерек тіркелді, 86 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 54 605 адам пневмониямен ауырды, орның 50 722-і жазылып шықты.

Exit mobile version