Басты бет Медицина Алматыда вакцина салғызғандар арасында ұтыс ойыны өткізіледі

Алматыда вакцина салғызғандар арасында ұтыс ойыны өткізіледі

Алматыдағы Globus сауда және ойын-сауық орталығындағы егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған тұрғындар арасында ұтыс ойыны ұйымдастырылады.

Фото: Күнту Арынбек

Ұтыс ойынына қатысу үшін 22-31 мамыр аралығында вакцина салғызуыңыз керек. Бұл туралы сауда және ойын-cауық орталығы Instagram-парақшасында хабарлады.

Құрметті Алматы тұрғындары! Globus сауда орталығы сіздерді супер ұтыс ойынына қатысуға шақырады! 22-31 мамыр аралығында COVID-19 вакцинасын алып, Iphone 12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысыңыз!, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін осындай акцияны Алатау ауданының әкімдігі мен аудандық медициналық ұйымдар аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен «Строй Сити», «Ақбұлақ» және «Жібек жолы» сауда базарларында өткізген еді.

Exit mobile version