Басты бет Білім Алматы мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты қалай өтеді?

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты қалай өтеді?

Алматыда биыл 25 мамырда мектеппен қоштасудың дәстүрлі форматы санитария-эпидемиология жағдайын ескеріп, қайта қаралды.

Фото: Massaget.kz

Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн форматта линейкалар өткізу ұсынылғанын, алайда соңғы қоңырау салтанатын өткізуге тыйым салынбағанын хабарлады.

Қайрат Жұмановтың сөзінше, биыл «бір сынып-бір линейка» қағидаты бойынша соңғы қоңырау 9 және 11-кластарда өткізу ұсынылды. Сонымен бірге мектеп іс-шаралары барлық санитария-эпидемиология нормасын ескеріп, ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Алматыда биыл 11-класты 11 337 оқушы бітіреді. Оның 647-і — «Алтын белгіге» үміткер. Бітіру кештерін 12-14 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр.

Қайрат Жұманов сонымен бірге аттестаттарды дәстүрлі тапсыру күндізгі уақытта мектеп аумағында өтетінін нақтылады.

Exit mobile version