Басты бет Қоғам Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысы Гвардейский кентінде мерзімді қызметтегі сарбазы өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Фото: Tengrinews.kz

82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарма ғимаратының 4-қабатындағы терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған. Аман алып қалу шаралары жүргізілгенмен, сарбаз есін жимаған күйі қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді.

Exit mobile version