Басты бет Қоғам Маусымнан бастап төрт «Тальго» пойызы іске қосылады

Маусымнан бастап төрт «Тальго» пойызы іске қосылады

Жазғы маусым қарсаңында халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы "Тальго" вагондарынан құралған төрт коммерция пойызын іске қосады.

Фото: Мgorod.kz

Бұл туралы «Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

1 маусымынан бастап:

  1. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы №19/20 пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ күндері, Атырау станциясынан жұп күндері жөнелтіледі;
  2. «Алматы-2 — Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №701/702 пойызы күн сайын қатынайды.

2 маусымынан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол стансасынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал» бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жұп күндері, ал Орал стансасынан тақ күндері жөнелтіледі.

3 маусымынан бастап «Алматы-2- Түркістан» бағытындағы № 71/72 пойыз Алматы-2 стансасынан тақ күндері, ал Түркістан стансасынан жұп күндері қатынайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама қызметінен сұрауға болады.

Exit mobile version