Тест: Батырхан Шүкенов бейнебаяндарын жақсы білесіз бе?

18 мамыр - Батырхан Шүкеновтің туған күні. Осыған орай біз әншінің бейнеклиптері туралы тест әзірлеп, сіздерге ұсынып отырмыз. Клиптерді қаншалық жақсы білетініңізді тексеріп көрейік.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
0%

"Отан Ана" бейнебаянында мына оқиғалардың қайсы бейнеленген?

Дұрыс! Қате!

"Отан Ана" бейнебаянында қиын-қыстау заманда ананың сәбиді дүниеге әкелуі көрсетіледі.

Батырханның "Так далеко, так близко" клипінің бас кейіпкерлері кім?

Дұрыс! Қате!

"Так далеко, так близко" клипінің бас кейіпкерлері - әнші, актер Дастан Оразбеков пен актриса Айсұлу Әзімбаева.

Батырхан Шүкеновтің қай бейнебаянында адамның үш кезеңі - бала кез, жастық шақ және қарт кезі көрсетілген?

Дұрыс! Қате!

"Дождь" әнінің бейнебаянында осы үш кезең көрсетіледі.

"Твои шаги" бейнебаянында Батырхан сүйікті аруын қайдан іздейді?

Дұрыс! Қате!

"Твои шаги" бейнебаянында Батырхан сүйікті аруын музейден іздейді.

"Сағым дүние" бейнебаяны қай жерде түсірілген?

Дұрыс! Қате!

Батырхан Шүкеновтің "Сағым дүние" бейнебаяны Алматы облысы далаларында, Каспий теңізі жағасында және Маңғыстау облысындағы Үстіртте түсірілген.

"Так далеко, так близко" клипі қандай қазақстандық фильмнің саундтрегі болды?

Дұрыс! Қате!

"Так далеко, так близко" әні "Препод" фильмінің саундтрегі болды.

"Так далеко, так близко" клипіндегі Батырханның қолындағы хатта не жазылған?

Дұрыс! Қате!

"Так далеко, так близко" клипіндегі Батырханның қолындағы хатта "Я умру без тебя, Мико" деп жазылған.

Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнінің клипінде мінген көлігі қандай?

Дұрыс! Қате!

Батырхан Шүкенов "Дождь" клипінде Alfa Romeo көлігін пайдаланды.

Әнші қай бейнебаянын 5 ай бойы түсірген?

Дұрыс! Қате!

"Сағым дүние" әніне арналған бейнебаян 5 ай бойы түсіріліпті.

Батырхан "Твои шаги" әнінде "...и цветы целую, что любила ты..." деп шырқайды. Ал бейнебаяндағы арудың сүйікті гүлі қандай еді?

Дұрыс! Қате!

"Твои шаги" бейнебаянындағы арудың сүйікті гүлі - ақ раушан.

Батырхан Шүкеновтің бейнебаяндарын жақсы білесіз бе?
Жаман емес!
Батырхан Шүкеновтің әнін тыңдап қана қоймай, бейнебаяндарын да тамашалауға кеңес береміз.
Жақсы!
Әншінің артынан өшпес мұра боп қалған әнін тыңдап, бейнебаянына ерекше көңіл бөлетініңіз көрініп тұр.
Жарайсыз!
Сіз - Батырхан Шүкеновтің нағыз фанатысыз. Оның осы өмірге қалдырған барлық еңбегін жақсы біледі екенсіз.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

 

Exit mobile version