Басты бет Қоғам 17 маусымнан бастап Алакөлге қосымша пойыздар шығады

17 маусымнан бастап Алакөлге қосымша пойыздар шығады

Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Мgorod.kz
  • 17 маусымынан бастап №457/458 «Семей-Достық» арасында күн ара қосымша пойыз қатынайды. Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі;
  • 17 маусымынан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» арасында күн ара қатынау жиілігімен қосымша пойыз жүреді. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі.
  • 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагоны бар екенін еске салды.

Exit mobile version