Басты бет Қоғам Қазақстанның қай өңірінде карантин талаптары жиі бұзылады?

Қазақстанның қай өңірінде карантин талаптары жиі бұзылады?

Елімізде 2021 жыл басталғалы бері коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин талабын бұзудың 14 475 фактісі тіркелді.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасып жатқанын хабарлады.

2021 жылғы 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топпен 80 352  рейд жүргізіліп, 500 646 нысан тексерілген. Нәтижесінде 14 475 (2,8%) бұзушылық анықталды. Карантин талаптарын бұзушылықтардың басым көпшілігі келесі өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962), — делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, мониторинг барысында карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам қатысатын бұқаралық іс-шаралар өткізу сияқты бұзушылықтар анықталған.

​Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды. 8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, — делінген комитет таратқан хабарламада.

Exit mobile version