Басты бет Қоғам Түрік әуе компаниясы Түркістан-Ыстамбұл әуе рейсін ашады

Түрік әуе компаниясы Түркістан-Ыстамбұл әуе рейсін ашады

22-23 мамырдан бастап Түркістан мен Шымкенттен Ыстамбұлға рейстер ашылады. Жаңадан және қайта ашылған әуе рейстерін түріктердің Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компаниялары орындайды.

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Ыстамбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Ыстамбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді, — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Turkish Airlines әуе компаниясы 22 мамырдан бастап Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет (6-күндері) орындалады.

Сонымен бірге түріктердің Pegasus Airlines әуе компаниясы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс (7 күн бойынша) орындалады.

Эпидемиология жағдайының жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.

Рейстер санитария–эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Exit mobile version