Басты бет Жаңалықтар «Мәңгілік полк» акциясы басталды

«Мәңгілік полк» акциясы басталды

9 мамырда Жеңіс күніне арналған "Мәңгілік полк" акциясы онлайн режимде өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Фото: Tengrinews.kz

Биыл да Salem social media ұжымы «Мәңгілік полк» акциясын онлайн режимде өткізеді. «Мәңгілік полк» акциясы екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.

10 күн бойы кез келген адам жеңімпаздарды құрметтеп, ардагерлерді құттықтай алады. Мыңдаған ардагердің портреті бүкіл ел көре алатын тікелей эфирде пайда болады.

Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін Salem social media-ның Aitube.kz-тегі арнасында және Tengrinews.kz, Massaget.kz порталдары, «Экспресс-К» газеті сайтында өтеді. Бәріміз батырларды Ұлы Жеңіспен құттықтайық!

Exit mobile version