Басты бет Қоғам Маңғыстау облысы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті

Маңғыстау облысы коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа өтті

Маңғыстау облысы коронавирус ахуалы бойынша "сары" аймақтан "жасылға" оралды. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Elena Baryshkina

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта. Бұл өңірлерде карантин шектеулері қатаң сақталуға тиіс.

«Сары» аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Ал Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстар «жасыл» аймақта. Мұнда коронавирус бойынша ахуал тұрақты, шектеу шараларын босаңсытуға болады.

матрица, коронавирус

Айта кетейік, өткен тәулікте 2 298 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бір тәулікте коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 39 науқас қайтыс болды.

Exit mobile version