Басты бет Қоғам Мирас Дәленов білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Мирас Дәленов білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Мирас Дәуленов берген өтінішіне сәйкес, білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Primeminister.kz

Мирас Дәуленов 1983 жылы Өскеменде дүниеге келген.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Вроцлав университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жеке заң фирмасында заңгер болып бастаған.

2004-2005 жылдары Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі болды.

2006-2007 жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі; доцент міндетін атқарушы, «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры болды.

2015-2019 жылдары КАЗГЮУ Салық Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының басқарма төрағасының орынбасары, директоры (ғылыми жұмыс жөніндегі проректор), 2018-2019 жылдары КАЗГЮУ Салық Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының провосты – директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдың желтоқсаннан бастап қазірге дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Exit mobile version