Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады

19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізбек. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек, — деді ол.

Берік Уәлидің хабарлауынша, келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі.

Exit mobile version