Басты бет Қоғам Қазақстанда бензин 230 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстанда бензин 230 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстандағы жанармай құю бекеттерін бағасы тағы да өсіп кетті. Кейінгі бірнеше күнде жанармай орташа есеппен тағы 5-10 теңге қымбаттаған.

Ең танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтандағы АИ-92 литрі 168-177 теңгеге, АИ-95 литрі 188-ден 197 теңгеге дейін, АИ-98 186-дан 220 теңгеге дейін сатылып жатыр.

Алматыда АИ-92 165-171 теңгеден, АИ-95 187-200 теңгеден, АИ-98 — 191-230 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 жанармайының бағасы 175 теңгеден аспайды. АИ-95 бағасы 185-тен 200 теңгеге дейін, АИ-98 175-205 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауына қатысты жағдай сәуірдің басынан бері байқалады. Қазақстандықтар бағаның өсуіне ғана емес, жанармай жетіспеушілігіне де шағымданып жатыр.

Exit mobile version