Басты бет Қоғам Алматыдағы «Кенжехан-1» базарынан өрт шықты

Алматыдағы «Кенжехан-1» базарынан өрт шықты

Алматының төтенше жағдайлар департаменті автобөлшектер сататын 3 екі қабатты контейнер өртенгенін хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видеоның скрині

Базардағы өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, бүгін, 29 сәуірде таңғы сағат 09.25-те өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 116, «Кенжехан-1» базары мекен-жайы бойынша шақыртуға шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта келді. Олар 3 екі қабатты контейнерлер тобының отқа орағанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 9 минут ішінде сөндірілді,- делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 10 бірлік техника мен 40 адам жұмылдырылған. Өрт аумағы 40 шаршы метрге жеткен.

Айта кетейік, 19 наурыз күні Алматыдағы «Байсат» базарында бірнеше контейнер өртенгенін хабарлаған едік.

Exit mobile version