Басты бет Медицина Президент коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салғызды

Президент коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін COVID-19 инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдырды.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның айтуынша, екпе салдырғаннан кейін президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмаған.

Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеуден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді, — деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 сәуір күні коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған еді.

Exit mobile version