Басты бет Қоғам Әсет Шындалиев бас прокурордың орынбасары болды

Әсет Шындалиев бас прокурордың орынбасары болды

Әсет Шындалиев бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әсет Шындалиев. Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Қазақбайұлы Шындалиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 16 сәуірде бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды.

Exit mobile version