Басты бет Қоғам Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ол бұл туралы Facebook-те хабарлады.

Мәулен Әшімбаев. Фото: Ortcom.kz

Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, кейінгі сынама коронавирус індетін жұқтырғанымды анықтап отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де, оқшауланып, мамандардың барлық талабын қатаң сақтап жүрмін. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын.

Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар, — деп жазды Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев 2020 жылдың 4 мамырында Сенат төрағасы болып сайланды.

Exit mobile version