Владимир Путин мен Джо Байден кездесетін болды

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі жазда өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

Фото: Valery Sharifulin/TASS

Шынында да, белгілі бір ұсыныстар айтылды, күндерді әлі растай алмаймын. Әзірге күні бойынша келісімдер жоқ. Жаз айларына жоспарланып отыр. Әлі де нақты келісімдерге қол жеткізу үшін көптеген факторды талдауға тура келеді, — деді ол.

Дмитрий Песков сонымен бірге кездесу өтетін ел әлі анықталмағанын айтты.

Exit mobile version