Басты бет Медицина COVID-19: Қазақстанда тағы бір өңір “қызыл” аймаққа кірді

COVID-19: Қазақстанда тағы бір өңір “қызыл” аймаққа кірді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиология жағдайын бағалау матрицасын жариялады. Павлодар облысы "қызыл" аймаққа өтті.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Xi Lin

“Қызыл” аймаққа Павлодар облысы кірді. Кеше, 25 сәуірде өңірде 75 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 18 адамға көп.

Осылайша, коронавирус бойынша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент пен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары.

Ал Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта орналасқан.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 716 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Exit mobile version