Басты бет Қоғам Алматы полициясы: Оқ атушы келіссөзден бас тартып отыр

Алматы полициясы: Оқ атушы келіссөзден бас тартып отыр

Алматы полициясы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде оқ атқан адаммен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Фото: Тимур Батыршин

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқ атушы пәтерде жасырынып отыр. Ол келіссөздерден бас тартқан. Оған қоса, ол баспалдаққа қарай оннан астам оқ атқан.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырады, — делінген хабарламада.

Қылмыскерді ұстау бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.

Сонымен бірге жәбірленуші реанимацияда жатқаны хабарланды, оның өміріне қауіп жоқ.

Еске салайық, бүгін, 24 сәуірде Алматыдағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісі мен белгісіз азамат арасында жанжал шықты. Салдарынан күзетші аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды.

Exit mobile version