Басты бет Қоғам Асқар Мамин астанадағы туристік аудан құрылысын көрді

Асқар Мамин астанадағы туристік аудан құрылысын көрді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аумағындағы ("Барыс Арена" мұзайдын сарайының батыс жағындағы) көпфункционал туристік ауданның құрылыс барысын тексерді.

Фото: Primeminister.kz

Жобаның инвесторы — БАӘ-ден девелопер Ellington Properties Development LLC компаниясы, бас мердігер – Renaissance Construction компаниясы.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешен аумағы 2,6 миллион шаршы метр, қосымша құрылыстар аумағы 333 гектар құрайды. Мұнда аумағы 15 мың шаршы метр болатын аквапарк, ойындар аймағы, саябақтар, террасалар, кеңсе және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және тағы басқа орналасады.

Фото: Primeminister.kz

Жобаның бірінші кезеңін (29 гектар) 2022 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды.

Фото: Primeminister.kz

Exit mobile version