Басты бет Жаңалықтар Астанада алдағы үш күнде 33 градусқа дейін аяз болады

Астанада алдағы үш күнде 33 градусқа дейін аяз болады

Астанада бұрқасын, қар және көктайғақ. Синоптиктер алдағы үш күн бойы қатты жел соғатынын болжап отыр деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz.

Қазгидрометорталығының хабарлауынша, 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады. Түнде және таңертең бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал сынап бағанасы түнде -13…-15°С дейін төмендейді.

22 желтоқсанда да осындай ауа райы сақталады, күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -22…-24°С, күндіз -12…-14°С.

23 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -31…-33°С, күндіз -21…-23°С.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің күшеюіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты халықаралық тасжолдар мен республикалық маңыздағы магистральдарда енгізілген шектеу сақталуда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version