Басты бет Қоғам Алматы мен қала маңындағы бірнеше нысанға «бомба қойылды»

Алматы мен қала маңындағы бірнеше нысанға «бомба қойылды»

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Aport Mall сауда және ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады. Қазір сауда орталығында тексеру және іздестіру жұмысы жүріп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 сәуірде шамамен сағат 10.00-де Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Aport сауда және ойын-сауық орталығының аумағында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір барлық шұғыл қызмет тексеру және іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Аумақ қоршалып, орталықтың қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Алматы қалалық полициясы әл-Фараби даңғылындағы «VILLA Boutiques & Restaurants кешеніне бомба қойылғандығы» туралы хабарламаны тексеріп жатыр.

Бұған дейін, әлеуметтік желіде Алматыдағы «Mart сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылды» деген ақпарат тараған еді. Кейін тексеру аяқталып, нысанда жарылғыш зат табылмағаны хабарланды.

Exit mobile version