Басты бет Медицина Президент QazVac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға алғыс айтты

Президент QazVac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдағы уақытта коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының өндірісі ұлғаяды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парағында жазды.

QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!, — деді президент.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1385461524752441344

Айта кетейік, кеше QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына жөнелтілді. Қазақстандықтар отандық вакцинаны 26 сәуірден бастап салдыра алатыны хабарланды.

Exit mobile version