Басты бет Қоғам Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды

Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды

Мамандардың айтуынша, бұл түйелер ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Каспий теңізі жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық бас түйенің өлексесі табылды.  Мамандар бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек деп болжады. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген, — делінген хабарламада.

Түйе
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері өлген түйелердің денесін жойып жатыр.

Exit mobile version