Басты бет Қоғам Ауа райы: 22-24 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн жылиды

Ауа райы: 22-24 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн жылиды

"Қазгидромет" РМҚ мамандары алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын болжады.

Фото: Yernar Almabek

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады.

Сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен бірге биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 20-22 сәуір күндері Қазақстанның оңтүстігінде күн күрт суитыны хабарлаған едік.

Exit mobile version