Басты бет Қоғам Алматыда караоке және банкет залдары ашылуы мүмкін

Алматыда караоке және банкет залдары ашылуы мүмкін

Алматы "жасыл" аймаққа өтсе, мамыр айында Ashyq жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді.

Фото: Restolife.kz

Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.

17 сәуірден бастап Алматы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сонымен бірге QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды. Егер Алматы «жасыл» аймаққа өтсе, мамыр айында Ashyq жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, — деді Айтуар Қошмамбетов.

Алматы санитария-эпидемиология бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін айтты.

Мамыр айында біз караокені, сонымен бірге толымдығы 50%-дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз, — дейді ол.

Exit mobile version