Басты бет Қоғам Жаңа қаулы: Шымкентте автовокзалдар жұмысына тыйым салынды

Жаңа қаулы: Шымкентте автовокзалдар жұмысына тыйым салынды

Шымкентте карантин режимі ұзарады. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 20 cәуір, яғни бүгіннен бастап эпидемиология ахуалы тұрақталғанға дейін күшейеді.

Фото: Yandex.kz

Бұл туралы Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың карантин режимін ұзарту туралы қаулысында айтылады.

Жаңа қаулыға сәйкес, ауызашар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық той, беташар және тағы басқа адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі.

Сауда орталықтарын, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар және адамдар көп жиналатын орындар дезинфекция шараларын жасауға міндетті.

Ұлттық құрама командаларға, клубтық командаларға спорттық жатығуға, қалалық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат етіледі.

Банкет залдарының, мектеп асханаларының жұмысына тыйым салынады.

Шымкенттегі автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтайды.

Бұл қаулы 20 сәуірден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Exit mobile version