Басты бет Қоғам Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматының төтенше жағдайлар департаменті алдағы тәуліктерде қала маңындағы тауларда қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті.

Фото: Shymbulak.com

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның күтілуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 17-19 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, – делінген хабарламада.

Мамандар қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтты.

«112» құтқару қызметі алматылықтарға ескерту SMS хабарламасын жіберді.

«Қазгидромет» РМҚ болжамына сәйкес, Алматыда демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Exit mobile version