Басты бет Білім Алматыда биыл 8 мектеп пен екі балабақша салынады

Алматыда биыл 8 мектеп пен екі балабақша салынады

Алматы әкімдігі мен құрылыс компаниялары қалада қолайлы инфрақұрылым құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Білім беру мекемелері заманауи әлемдік стандарт бойынша салынып жатыр.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты.

2020 жылы 18 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, соның арқасында 3 817 оқушы және 240 мектепке дейінгі орын құрылды. 8 нысан бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта құру және сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар орындалды, — деді басқарма басшысы.

Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтуынша, биыл 8 жаңа мектеп, 17 мектепке қосымша ғимарат салынып жатыр.

12 600 орындық 8 жаңа мектеп, 8 263 орындық 17 қосалқы құрылыс, 400 орындық 2 жаңа балабақша салынып жатыр. Бұдан басқа, 14 объектіде қайта жаңарту және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, 41 нысанда құрылыс, жөндеу немесе қайта құру жұмыстары жүргізіледі, — деді ол.

Сапар Нұрашев сонымен бірге қалада екі оқушылар үйін салу жоспарланғаның айтты.

«Жаңа Алматы» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Алатау және Наурызбай аудандарында инновациялық шығармашылықтың 2 орталығы — оқушылар үйінің құрылысы қарастырылған. Бүгінде жобалық-смета құжаттары дайындалып жатыр, — деді басқарма басшысы.

Exit mobile version