Басты бет Қоғам «ҚазАвтоЖол» төрағасы жұмысын дұрыс атқармағаны үшін қызметінен кетті

«ҚазАвтоЖол» төрағасы жұмысын дұрыс атқармағаны үшін қызметінен кетті

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Ұлан Әліпов. Фото: Kazautozhol.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды, — делінген жазбада.

Еске салайық, Ұлан Әліпов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған еді.

Exit mobile version