Басты бет Жаңалықтар Атырауда креативті индустрия орталығы ашылады

Атырауда креативті индустрия орталығы ашылады

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті креативті Индустрия орталығын құруды қолға алды.

Фото: Атырау мұнай және газ университетінің баспасөз орталығынан алынды

Университет ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуынша, орталықта кәсіби сарапшылар маңызды мәселелер бойынша пікірталастар өткізеді.

Бұл орталық идеялар мен шетелдік тәжірибе трансфертіне бастама жасап, жаһандық процестерге талдау, мониторинг жүргізетін және олардың өңірге, жалпы елге әсерін бағамдайтын алаң болады. Орталық ақпараттық-насихаттау, кәсіби желілер мен қауымдастықтар, ұйымдастырушылық әлеуетті арнайы білім беру және өмір бойы білім алу арқылы нығайту, инкубаторлар мен акселераторлардың жұмысы, кластерлер мен хабтар құру, интернационалдану бағыты бойынша озық идеяларды іске асырады, – дейді аталған университеттің ректоры Гүлзада Шакуликова.

Қазіргі таңда оқу орнының Студенттер сарайына Маруся Асаубаева атындағы жеке қордың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау креативті индустрия орталығы
Фото: Атырау мұнай және газ университетінің баспасөз орталығынан алынды

Жаңа оқу жылында бұл оқу орны соңғы үлгідегі заманауи жетістіктер қолданылатын креатив-хабқа айналады.

Сол арқылы университет базасында жұмыс істей алатын және қазақстандық, халықаралық нарыққа өз өнімдерін жасауға мүмкіндігі бар креативті жастарға жағдай жасалады.

Exit mobile version